Ойын құралдарынан дербес компьютерлерге дейін...
Acer компаниясы өз бастамасын 1976 жылы құрылған Mulitech International компаниясынан алады. Оның негізін қалаған – Стен Ши. Ол кезде компанияда 11 адам ғана жұмыс істеген. Алғашқы капиталы - 25 мың АҚШ доллары. 80 жылдары үкімет тарапынан субсидияға ие болғаннан кейін персоналды компьютерлердің жаңа дәуірі басталды. Алғашында Acer ойынға арналған микроэлектроника өндірісімен айналысқан. Алайда ол кәсіп табысты болмағандықтан енді ғана қалыптасып келе жатқан дербес (персоналды) компьютерлер нарығына ауысты. Қазіргі уақытта Acer компаниясы ақпараттық технологиялар нарығында көшбасшылардың бірі.
[caption id="attachment_71921" align="alignnone" width="693"] Стен Ши. Фото betechno.ru сайтынан алынды.[/caption]1979 жылы кәсіпорын экспортқа арналған әлемдегі алғашқы компьютерді ойлап тапты. Ал алты жыл өткеннен кейін әлемдегі бірінші 32-разрядты дербес компьютер жасап шығарылды. Содан бері өнімдерінің сапасын жақсарту және жаңа технологиялар құрастыру мақсатында тоқтаусыз жұмыс істеп келеді.
1985 жылы компания басқа елдерде өкілдіктерін аша бастады. Алғашқылары Жапония мен Германияда ашылды. Осы жылдары Аcer-дің әр түрлі бөлімдері ашыла бастады. Олардың бірі - Acer Peripherals. Дәл осы атаудан BenQ бренді туындады. Сонымен қатар, ASUS компаниясын да атап өту керек. Компанияны Acer-ден кетіп қалған 4 инженер құрастырған.
[caption id="attachment_71926" align="alignnone" width="594"] Фото: nbstock.ru[/caption]1988 жылы корпорация атауын Acer Group деп өзгертті.
Осы жылы ол Америка нарығына шығады. Ол үшін кәсіпорын Counterpoint Computers компаниясын сатып алады. Кейіннен еуропалық позициясы нидерландтық Kangaroo Computer B.V. компаниясын иемденіп күшейе түседі. Бұл тек бастамасы еді. Acer барлық жаңа нарықтарды жаулап алып, қарқынды дамиды. 1997 жылы компания компьютер нарығындағы көшбасшылар қатарына енеді.
[caption id="attachment_71924" align="alignnone" width="690"] Acer логотипі. Көркем сурет компанияның ресми сайтынан алынды.[/caption]«Acer» латын тілінен аударғанда «өткір, қырағы, қарқынды» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір дереккөздерге сүйенсек, Acer үйеңкі ағашынығ құрметіне осындай атауға ие болған.
Сапалы тауар, қолжетімді баға
21 ғасырдың басында компания құрылымы қайта қаралып, жаңа өзгерістер енгізіледі. Осылайша Acer, Wistron және BenQ-ден құралған Acer Group пайда болды. Егер жаңа және заманауи қайта құру жұмыстары жүргізілмесе, Acer Group мұндай маңызға ие болмас еді. Себебі ол кездегі IT-индустриядағы дағдарыс компания табысын біршама азайтты.
Қазіргі уақытта Acer Group-ке төрт бренд тиесілі. Олар: Acer, Packard Bell, Gateway және eMachines.
2008 жылы E-TEN компаниясына ие болып, смартфон нарығына шықты. Алайда тұтынушыларды шатастырмас үшін бұл брендтен бас тартуға тура келді. Ұялы телефондар Acer атауымен өндіріледі.
Acer компьютерлері мен ноутбуктері беделді брендтердің қатарында емес, ол әр түрлі қолданушыларға арналған. Сондай-ақ бағасы қолжетімді, сапасы да жаман емес. Соның арқасында нарықта танымалдылыққа ие болды. Бұл тұрғыдан олар, бәсекелестеріне қарағанда алдыңғы қатарда.
Сонымен қатар, өнімнің дизайны да әдемі. Осы ретте Acer Ferrari-ді де атап өткен жөн. Acer Ferrari – жоғары сегменттегі ноутбуктер. Бағасы да дизайны мен сапасына сай қымбат.
Корпорацияның штаб-пәтері Тайваньның Тайбэй қаласында орналасқан. Компания өкілдіктері мен зауыттары әлем бойынша жан-жақта таралған және мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Acer ТМД елдері аумағында танымал.
[caption id="attachment_71928" align="alignnone" width="1440"] Acer-дің Тайбэйдегі штаб-пәтері. Фото компанияның ресми сайтынан алынды.[/caption]2000-шы жылдары тайваньдық корпорация персоналды компьютерлер өндірісі бойынша әлемдегі алғашқы бестікке тұрды. Сауда көлемі бойынша, Acer өзінің еншілес фирмаларымен бірге Латын Америкасы мен Азия елдерінде және АҚШ пен Еуропада көшбасшы.
Acer-дің тоқырау кезеңі
2001 жылғы hi-tech индустриясындағы дағдарыс Pan Acer Group-ті де айналып өтпеді. Әлем нарығындағы рецессияның салдарынан корпоративті тапсырыс берушілер компьютерлер мен телекоммуникация техникаларды сатып алуды тоқтатты. Ол кезеңде Acer бизнесі екі бөлімнен тұрды. Бірінші бағыт - IBM, Motorola, Hewlett-Packard, Dell брендінің жинақтарын жасау, екіншісі – Acer жеке брендімен компьютерлер өндірісі. Сұраныстың төмендеуі компания кәсібіне соққы берді.
2001 жылдың қорытындысы Pan Acer Group үшін сәтсіз болды Оның табысы 2000 жылға қарағанда 1,6 млрд долларға қысқарды. Компанияның негізі бөлімшелері Acer Groupтің бизнесі 20,6 пайызға, Wistron Group-тікі 25 пайызға азайды. 2001 жылдың қыркүйегінде Acer акцияларының құны әрқайсысы 22,9 долларға дейін арзандады. Осы тұрғыда Acer-ге кредиттік желілер ұйымдастырған шетелдік банкирлер компания жұмысына алаңдай бастады. Холдингті дағдарыстан алып шығу үшңн барлық ресурстарды бір арнаға шоғырландыру керек болды. Осы ретті ірі тайваньдық банк Chiao Tung Bank-тің төрағасы Лиан Куо-Шу компанияға қолдау көрсетеді.
Қайта жандану
2002 жылы Pan Acer Group жоғалтқан позициясын қайтадан қалпына келтірді. Оның бір жылдағы айналымы 2001 жылмен салыстырғанда 3,4 млрд долларға артып, 12,9 млрд долларды құрады.
[caption id="attachment_71929" align="alignnone" width="690"] Джанфранко Лянчи. Көркем сурет android-mobile.ru сайтынан алынды.[/caption]2005 жылдың қаңтарында Acer корпорациясының президенті болып Джанфранко Лянчи тағайындалды. Кейіннен ол Acer EMEA-нің (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) президенті болды. Сосын Acer-дің аймақтық дамуын қамтамасыз ететін бизнес-топ Acer Inc. OBG-дің төрағасы болып бекітілді.
Acer-дің инновациялық жетістіктері
1994 жылы - әлемдегі ең ірі дербес компьютер тасымалдаушыларының ондығына кіреді.
2006 жылы Тайваньның ғана емес дүние жүзіндегі ІТ индустрияға үлкен үлес қосқан Acer компаниясы 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Инновациялық құрастырулар мен маркетингтің ұзақ мерзімді стратегиясы корпорацияның жан-жақты дамуының негізін салды.
2011 жылы Fortune Global 500 (әлемнің ірі компаниялары тізімі) тізіміне енді.
2012 жылы әлемдегі ең жұқа ультрабук Aspire S5-ті ұсынды.
[caption id="attachment_71930" align="alignnone" width="820"] Aspire S5 ультрабугы. Фото: notebookcheck.net[/caption]Қазіргі уақытта Acer қарапайым (үстелге қоятын) және портативті (шағын) компьютерлер, серверлік құрылғылар, мәлеметтерді сақтау және цифрлі құрылғылар, концентратор, коммуникатор, дисковод, желі карталарын, пернетақта, оперативті жад, ноутбук, проекторлар, мониторлар мен сұйық кристалды (СК) теледидар шығарады
Компания әлемнің 100 аса елінде сату мен сервистік қызмет желілерін құрды. АҚШ, Нидерланды, Финляндия, Малайзия және Тайваньда 15 зауыт орналасқан. Олардың жалпы ауданы 1 млн шаршы метр. Зауыт өнімдерінің ауқымы кең. Онда пернетақтадан бастап, серверлерге дейін, Desktop класстағы компьютерлер, жұмыс стансалары видеоконференция жүйесін жасайды. Одан бөлек, интегралды схемалар, DRAM, ASIC, BIOS компоненттерін құрастырады. Acer-дің негізгі кәсіпорындарынан бөлек, 24 мемлекетте 30 жуық жеке құрастыру цехтары бар.
Ал Қазақстанның 18 қаласында 26 сервис орталығы бар. Acer-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ST Networks компаниясы болып саналады.
[caption id="attachment_71931" align="alignnone" width="450"] Acer ұялы телефоны. Фото: mob-mobile.ru[/caption] [caption id="attachment_71934" align="alignnone" width="597"] Acer ұялы телефоны. Фото: mob-mobile.ru[/caption]2015 жылы ноутбук-трансформер мен алғашқы Acer смартфондарын шығарды.
[caption id="attachment_71935" align="alignnone" width="600"] Acer ноутбук трансформеры. Фото: mob-mobile.ru[/caption]Өнімдері
Acer Aspire Desktop, Acer Aspire Predator - десктоптары, Acer Tablet, Acer, Aspire Notebook, Acer Aspire Timeline, Acer Ferrari, Acer Iconia – ноутбуктері, Acer iconia tab W500, Acer iconia tab a100, Acer Iconia Tab A500 – планшеттері және Acer Tempo, Liquid Express E320, Acer neoTouch, Acer Stream, Acer beTouch – смартфондары және т.б.
Тэги:
- 7kun.kz
- 7күн кз
- дербес компьютер
- мақала
- Acer
- Acer компаниясы
- Acer ноутбуктері
- Acer плашнеттер
- Acer смартфондары
- Acer микроэлектроника
- Acer компьютерлері
- персоналды компьютерлер
- Стен Ши
- алғашқы компьютерлер
- BenQ бренді
- BenQ компьютерлері
- Acer брендінің тарихы
- Acer Ferrari
- Джанфранко Лянчи
- ноутбук трансформер
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024