Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанды осындай деңгейге жеткізген Елбасыға мың алғыс - Мұхтар Манкеев

Қазақстанды осындай деңгейге жеткізген Елбасыға мың алғыс - Мұхтар Манкеев


Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Нұрсұлтан Әбішұлына мың алғыс деп айтуымыз керек. «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев Президенттің  Қазақстан халқына арнаған үндеуінен кейін осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрсұлтан Әбішұлына қатысты тоқталсақ, бірінші кезекте ойға «мың алғыс» деген пікір келеді. Себебі еліміздің дамуына үлесін қосып, Қазақстанды осындай деңгейге жеткізіп берген Елбасыға мың алғыс деп айтуымыз керек. 1991 жылдан бастап өзінің күш-жігерін халық үшін, мемлекеттің мүддесіне жұмсады. Бүгінде Қазақстан жеткен жетістіктер, яғни халықаралық аренада мүмкіндіктеріміз де осының дәлелі. Әлем елдері Қазақстанның беделі мен әлеуетін таныды», - деді М. Манкеев.

Сонымен қатар сарапшы Тәуелсіздік жылдарында еліміз Орталық Азияда экономиканың локомотивіне айналғанын атап өтті.

«Атап айтқанда, Қазақстанның Орталық Азияда ашық мемлекет ретінде қалыптасқаны Елбасының бүкіл жұмысын көрсетіп тұр. Жалпы, қазіргі кезде әлемдегі өзгерістерді байқап жатырмыз, дегенмен де Қазақстанның өзіндік даму жолы бар. Президент өзінің үндеуінде жастарға ерекше екпін қойды. Яғни еліміздің даму жолын, ұлттың тұтастығын сақтап қалу  - жастар үшін үлкен сын әрі мақсат болып тұр. Сондықтан Жастар жылында осы үндеуде аталған мәселелер маңызды деп білемін», - деді ол.

Сарапшы елдің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы жолында жастар өз үлесін қосуға қауқарлы екенін атап өтті. 

«2019 жылдың 19 наурызы біз үшін тарихи күн ретінде есте қалады. Жалпы, қоғамның дамуына қарайтын болсақ, 10 жыл бұрынғы және қазіргі қоғамды салыстарсақ, олар мүлдем бөлек. Бүгінде еліміздің алдында тиісті мақсаттар мен міндеттер тұрғаны белгілі. Сондықтан барша халқымыз жұмыла Қазақ Елінің болашағына негізделген жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Үндеуде атап өтілгендей, Отанымызды өркендету жолында келесі қадамдарымызға мән беруіміз қажет. Атап айтқанда, Президентке мың алғыс!», - деді Мұхтар Манкеев.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария еткен болатын.

Похожие материалы