Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — 2019 жылы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен 18 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде хабарлады.
2018 жылы 20 млрд теңге бөлінді. Жалпы, жобаны іске асыруға 141 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бес бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр: экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке көшу, цифрлық Жібек жолын іске асыру, адами капиталды дамыту және инновациялық экожүйені құру", – деп атап өтті ведомствода.
Министрлік бағдарламаны 2022 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер үлесін, интернет пайдаланушылар үлесін, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту рейтингін жақсарту жоспарланған.
"Елдің үлкен территориясында, 6,6 мыңнан астам елді мекеннің болуына байланысты, алыс және қол жетімділігі қиын жерлерде деректерді беру желісін дамытуда артта қалушылық байқалады. Сондықтан, 2020 жылға дейін 1,2 мың ауылдық елді мекендерде кең жолақты қолжетімділікпен (КЖҚ) қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оған 2018-2032 жылдар аралығында 208,5 млрд теңге бағытталатын болады", – деді министрлікте.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024