Экономика
Шетелдіктерге жалға берілген жердің көлемі 65 мың гектар - Ұлттық экономика министрлігі
Жалпы аумағы 272,5 млн га құрайтын Қазақстандық жердің 65 мың гектарға жуығын шетелдіктер жалға алған. Бұл туралы Ұлттық Экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
"Қазіргі кезде шетелдіктер жалға алған жер көлемі - 65 мың га-ға жуық. Көбіне орталық жәна солтүстік аймақтарда жер жалға берілген", - деді ол бейсенбі күнгі "Хабар" телеарнасындағы "Бетпе-бет" бағдарламасында.
Оның сөзінше, республиканың оңтүстік аймағындағы жерді көрші қырғыз елі жалдап, онда көкөніс өндірумен айналысады. Солтүстікте ресейліктер картоп өсіреді. Бірақ жалданған жер көлемі тым үлкен емес.
Ал әлеуметтік желідегі "Жер Кодексін" түзету туралы және жер шетелдіктерге сатылып кетуіне қарсы наразылық шараларына байланысты вице-министр жердің шетелдіктерге сатылмайтынын, жалға алған күннің өзінде көп бөлігі берілмейтінін атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024