Ресей. 27 шілде. 7kun.kz – Красноярск қаласында баласын фирмаға 13 мың долларға сатқан суррогат ана үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Краснодар өлкесі прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот 2020 жылы 28 жастағы Қазақстан азаматының Красноярск қаласының перинаталдық орталығында сәбиін дүниеге әкелгенін анықтады. Ол компания басшысына және оның серіктестеріне кез-келген ұйымдар мен мекемелерде, соның ішінде баласын иемденуге сенімхат толтырған.
Осыдан кейін ол шетелге кетіп, онда 13 мың доллар алған.
Фирма директоры мен оның сыбайластары жаңа туған нәрестені ақшалай сыйақы алу мақсатында үшінші тұлғаларға беру үшін ауруханадан алып кеткен.
«Красноярск қаласында суррогат ана қызметін көрсету мақсатында жаңа туған нәрестені сату туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды... Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталушы жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
РИА Новости хабарлауынша, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Іс бойынша барлығы төрт әйел тексерілуде. Олар 2019-2020 жылдары Камбоджада «Дидилия» компаниясымен суррогат ана қызметі туралы келісім бойынша эмбрионды ауыстыру процедурасынан өткен.
Олар Красноярск қаласының перзентханаларында босанған. Туу туралы куәліктерін алып, балаларының өкілдері ретінде «үшінші тұлғаларды» (сатып алушыларды) рәсімдеп, балаларын нотариалды куәландырылған сенімхатпен бірге «Дидилия» директорына тапсырған. Директор сыйақы алу мақсатында нәрестелерді үшінші тұлғаларға беру үшін медициналық мекемелерден өзі алып кеткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024