Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Он сегіз жасқа дейінгі балалардың арнайы шотына Ұлттық қордан ақша аударылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президент әр отбасы елдің ұлттық байлығынан өз үлесін алатынын атап өтті.
«Сол себепті өзім жариялаған Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ін балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды ұсынамын. Бұл ретте оны мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды», – деді Тоқаев.
Бала кәмелетке толғаннан кейін арнайы шотта жиналған ақша баспана сатып алуға және білім алуға беріледі.
Президенттің айтуынша, Ұлттық қор расымен ұлттық деген мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететін болады.
«Бұл ауқымды бастаманың жіті пысықтау қажет екенін ескеріп, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын», – деді Тоқаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024