Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық балмұздақ Қытай, Өзбекстан, Моңғолия мен Қырғызстан елдеріне экспортталады. Бұл туралы "Шин-Лайн" компаниясының президенті Андрей Шин мәлімдеді.
Компания басшысы хабарлағандай, экспорт бойынша Ресей баяғыша көш бастап тұр. Бұл елдегі сатылым 2017 жылмен салыстырғанда үш есе артты. Ал, жақын күндері балмұздақ Грузия, Армения, Әзербайжан мен Украинаға экспортталады.
Андрей Шиннің айтуынша, балмұздақ нарығы жыл сайын 2-3% өсіп келеді. Отандық және импорттық тауардың елдегі қатынасы шамамен сәйкесінше 60%/40%.
Соңғы үш жылда аталған тауардың өндірісі 7,5% артып, 33 мың тоннаны құрады.
Айта кетейік, Қазақстанда балмұздақ өндіретін 21 компания бар. Тұтыну көрсеткіші бойынша бір тұрғынға 2,5 келі балмұздақтан келеді және оны көбіне 45 жастан асқан азаматтар сатып алады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024