Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандық банктердің активтері 1 сәуірдегі жағдай бойынша 24,6 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері олар 2,6%-ға төмендеді.
Ұлттық Банктің ақпаратына сәйкес, активтер құрылымында ең үлкен үлесті (48,2%) несиелік портфель (негізгі қарыз) алады – 13,04 трлн теңге (2019 жылдың басында – 13,7 трлн теңге).
Заңды тұлғаларға қарыздар 7,3%-ға азайып, 3,6 трлн теңгені құрады, ал жеке тұлғаларға 2,7%-ға өсіп, 5,1 трлн теңгеге жетті.
Тұтынушылық несиелер 3,6 трлн теңгеден асты. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске берілетін несиелер 2019 жылдың басымен салыстырғанда 10,5%-ға азайып, 4,1 трлн теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздар 1,2%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Несие портфелі бойынша провизиялар 2,3 трлн теңгеге қалыптасты.
Сонымен қатар, банктердің міндеттемелері 21,5 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері олар 3,2%-ға азайды. Оларда ең көп үлесті клиенттердің салымдары алады – 77,4%. Резидент еместер алдындағы міндеттемелер 1,3 трлн теңгені құрады.
Клиенттердің салымдары 16,6 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 8,1 трлн теңге заңды тұлғалардың депозиттері, ал жеке тұлғалардың – 8,5 трлн теңгені құрайды.
Банк секторының активтерінің ЖІӨ-дегі үлесі 1 сәуірдегі жағдай бойынша 37,7%-ды құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024