Қазақстандық банктер жеңілдікпен автонесиелеуге өтінімдер қабылдауды тоқтатты
Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz – Банктер бөлінген қаражат лимитінің асып кетуіне байланысты қазақстандықтардан жеңілдетілген автонесиелеуге өтінімдер қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Банктер жеңілдікпен автонесие бойынша жұмыстарын тоқтатқан болуы керек. Себебі, 20 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Біз шамамен 100 млрд теңге 15-16 мың несиеге жетеді деп есептедік», – деді Өскенбаев.
Оның мәліметінше, бүгінгі таңда банктер 73 млрд теңгеге 10 мыңға жуық өтінімді мақұлдады.
Айта кетейік, Қазақстанда мамырда жылдық 4%-бен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама бойынша несие сомасы 10 миллион теңгеден аспау керек, ал көлік құралының құны 15 миллион теңгеден, қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспауы керек, бастапқы жарна 0%.
Бағдарламаға «Жасыл Даму» кәдеге жарату алымы бойынша оператордың шотынан 100 млрд теңге бөлінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024