Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Банк секторының пайдасы 2019 жылдың қаңтарында рекордтық 104,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың қаңтарынан екі есеге артық, деп хабарлайды Ranking.kz.
ҚР-ның 28 банкінің ішіннен қаңтар айында 26 ЕДБ пайда көрсетті. Ағымдағы жылы Цеснабанк табысы 50,5 млрд теңгені құрады — 2018 жылдың қаңтар айына қарағанда 5,4 есе артық. Сонымен қатар, өткен жылы банк пайдасы 6,2 млрд теңге болды.
Екінші орында - Халық Банкі. Банктің кірісі 21 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың қаңтар айына қарағанда 33,9%-ға артық. 2018 жылы банк табыс көлемі бойынша көшбасшы болды.
Үздік үштікті Kaspi Bank 9,8 млрд теңге табыспен қорытындылады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп. Банк 2018 жылы 98,8 млрд тг пайда тапты.
Шығындар 2 ЕДБ-те ғана тіркелді: Пәкістан ҰБ (7,2 млн теңге) және AsiaCredit Bank (2,1 млрд теңге).
Табыс ағымдағы жылғы қаңтарда 2018 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 7,4%-ға артуы есебінен алынып, 2,5 трлн теңгені құрады. Ал шығындар 4,1%-ға - 2,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Пайданың 93%-ы сыйақы алумен байланысты емес кірістерге тиесілі, олар бір жыл ішінде 8%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін өсті. Сыйақы алуға байланысты кірістер 0,9%-ға артты.
Сыйақы төлеумен байланысты емес шығыстар - 96%-дан асты, бір жылғы өсім - 4,7%. Олар 2,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте сыйақы төлеумен байланысты шығыстар 8,2%-ға, 90,7 млрд теңгеге дейін қысқарды.
2019 жылдың қаңтарында табыс салығы 25,7 млрд теңге болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024