Қазақстандық банктердің көпшілігі қазақ тіліне көңіл бөлмейді. Мұндай қорытындыны банктердің сайттарына мониторинг жасаған til-audit.kz сайты жасады.
Бұл туралы бүгін «Қазақстанның банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақыбырындағы дөңгелек үстелде сайт редакторы Дина Имамбаева айтты. «Сайттардағы ең көп кездесетін қате қазақ әріптерінің жоқтығы. Бұл әсіресе Forte мен Қазинвестбанкте көп кездеседі. Бұдан кейінгі қателік аудармалардың көпшілігі «калька». Одан сорақысы қазақша беттердегі ақпараттардың тақырыптары ғана қазақша, қалған ақпарат орысша, кейбір сайттардың қазақша беті бар деген аты ғана. Мұндай кемшіліктер Альфа банк, Forte Bank, Қазинвестбанкте жиі кездеседі. Ал, Сбербанктің сайтының қазақшасы мүлдем жоқ. Біз 35 банктің 12-нің сайтына мониторинг жүргіздік. Бұлардың арасында қазақ тіліне Kaspi Bank, Халық банк, ЦКБ, Қазком жақсы көңіл бөлетіні анықталды», дейді Дина Имамбаева. Дөңгелек үстелге қатысушылар til-audit.kz сайтына 35 банктің барлығының сайттарына мониторинг жүргізіп, оның есебін қазақ, орыс тілдерінде құзырлы органдар мен банктердің басшыларына жіберіп, БАҚ-да жариялауды ұсынды. Фото:blogtime.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024