Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі банктерге 23 рет 9,1 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржы ұйымдарының, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің іс-әрекеттерінде анықталған қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша бұзушылықтар туралы есепте айтылған.
Банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 143 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: 23 әкімшілік айыппұл, 118 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және 2 жазбаша ұйғарым.
Банктердің негізгі бұзушылықтары банктік қарызға қызмет көрсетуді; төлемдер мен ақша аударымдарын; банктік шоттар мен банкоматтарға қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты.
Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша қаржы ұйымдарына, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерге қатысты 195 ықпал ету шарасы, оның ішінде жалпы сомасы 13,9 млн теңгеге 38 айыппұл қолданылды.
Сақтандыру ұйымдарына қатысты 5 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:
- 252 500 теңге сомасына 1 әкімшілік айыппұл;
- 4 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы.
Сақтандыру ұйымдарының негізгі бұзушылықтары сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ісі бойынша құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтамауға байланысты.
Микроқаржы ұйымдарына қатысты 28 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:
- 3 007 600 теңге сомасына - 7 әкімшілік айыппұл;
- 19 жазбаша ұйғарым;
- 1 жазбаша ескерту.
Микроқаржы ұйымдарының негізгі бұзушылықтары микрокредит беру туралы шартының Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ кредиттік бюро және микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының бұзуына байланысты болды.
Коллекторлық агенттіктерге қатысты 19 ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде:
- 1 509 000 теңге сомасына 7 әкімшілік айыппұл;
- 10 жазбаша ұйғарым, 2 жазбаша ескерту.
Коллекторлық агенттіктердің басты бұзушылықтары коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын сақтамауға, оның ішінде борышкермен өзара әрекеттесу кезінде жосықсыз әрекеттерге жол беруге байланысты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024