Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – www.inbusiness.kz ақпарат агенттігі www.abctv.kz атынан қайта тіркелді. Бұл туралы іскерлік порталдың сайтында хабарланды.
Агенттік тәулік бойы жұмыс істейді.
«13 ақпан күні ресми түрде домендік атауды өзгертіп, БАҚ-ты тіркеу туралы куәлік алдық. Осылайша өзіміздің негізгі месседжімізді атап көрсетіп отырмыз. Біз – бизнес-порталмыз, біз іскери қабілетті іске қостық! Ең бірінші, редакцияның жұмысын күшейттік. Сайтта жұмыс істеген команда өз ісін кәсіби тұрғыдан меңгерген мамандар, оған қосымша авторлар тарттық. Олар біздің контентті жақсартуға үлес қосып, сайтты одан сайын тартымды ете түсті. Сонымен қатар біздің үлкен өңірлік тілшілер базамыз бар, ол жер-жердегі оқиғаларды хабарлауға мүмкіндік береді», – деді ақпарат агенттігінің директоры Мира Халина.
Ребрендингтің мақсаты – сайт аудиториясын ұлғайту және екі негізгі бағыт – соңғы сағаттағы оқиғалардан шұғыл ақпарат беретін жаңалықтар топтасы және оқырмандарға қаржы, бизнес, экономика әлеміндегі барлық өзгерістер мен сараптамаларды білуге мүмкіндік беретін эксклюзивті жаңалықтар слайдерін жолға қою.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024