Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстаннан бидай мен меслин экспорты 2,1 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2018 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 2,9%-ға артты.
Жеткізілген бидайдың жалпы құны 384,5 млн долларды құрады, тауарлардың экспортынан түскен түсім 20,1%-ға өсті.
Астықтың ең үлкен көлемі Өзбекстанға жөнелтілді – 118,7 млн долларға 759,5 мың тонна бидай, Тәжікстан 59,9 млн долларға 323,5 мың тонна, Әзірбайжан 40,5 млн долларға 213,8 мың тонна, Қытай – 27,4 млн долларға 131,9 мың тонна, Ауғанстан – 23,8 млн долларға 127,6 мың тонна, ал Түркменстан – 21,5 млн долларға 115,5 мың тонна астық сатып алды.
Өз кезегінде, Түркия – 15,9 млн долларға 87,2 мың тонна, Италия – 15,6 млн долларға 79,3 мың тонна, ал Ресей – 15,4 млн долларға 71,7 мың тонна бидай сатып алды.
Сондай-ақ, Қазақстан төрт айда 115,2 млн долларға 537 мың тонна ұн сатқан.
Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (72,7 млн долларға 323,2 мың тонна) және Өзбекстан (24,2 млн долларға 136,9 мың тонна) болды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024