Қазақстандық БАҚ испаниялық Аликанте қаласындағы жалға алынған виллалардың бірінің бақшасында 53 жастағы қазақстандық бизнесмен Марат Сабалақовтың денесі табылғанын хабарлады.
Испаниялық Levante EMV басылымына сілтеме жасаған
vrk.news сайтының жазуынша бизнесменнің денесін 14 қаңтар күні бақша тазалаушы тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем мен полиция денеден тіршілік белгісін таппаған.
Бизнесмен табалдырықта басы төмен қараған күйі жатқан. Бұған қарап өлімнің кездейсоқ жағдайдан болуы мүмкін деп топшалаған.
Қарастырылған нұсқаның бірі - бизнесменді өлтіріп кету мүмкіндігі. Өйткені дененің жатысы желке тұсынан соққы алып құлағанға ұқсаған және денесінде, үйдің ішінде қан іздері табылған. Тергеушілер бұған қарап өлтіріп кеткен болуы мүмкін деген.
Алайда соттық медицина институтындағы криминалистік сараптама қорытындысы көрсеткендей Марат Сабалақов ішкі қан құйылудан қайтыс болған. Ішкі қан құйылу қатты болып, денесі тартылып қалған, салдарынан алдымен үйдің ішінде, кейін бақша маңында құлаған. Соңғысында басымен құлап, соққы алған.
Бизнесменнің өлімін Қазақстандық СІМ де растады.
БАҚ белгілі бизнесмен деп жазғанымен ол туралы туралы ашық деректер аз. Тек кейбір ақпарат көздерінде оның AS Invest Group президенті, "CITY MALL",
"Almaty Cotton Plant", CROWLINE GROUP, Тараз металлургиялық компаниясы сынды бірқатар ЖШС басшысы ретінде көрсетілген. 2015 жылы Словакияның Қазақстандағы құрметті консулы болғаны туралы айтылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024