Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — Халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы Қазақстанға жіберілген жалпы ақша көлеміндегі Корея Республикасының үлесі өсіп жатыр.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, маусым айында Кореядан 5,937 млрд теңгеге 14,9 мың транзакция өтті (орташа аударым сомасы – 398,4 мың теңге, немесе 1000 доллардан астам). Аудармалардың жалпы сомасындағы кәріс ақшасының үлесі 21,8%-ды құрады.
Ресей Федерациясынан ҚР-на маусым айында 10,145 млрд теңге (орташа аударым сомасы-155,8 мың теңге) немесе Қазақстан алған аударымдардың жалпы сомасының 37,3%-ы жіберілді. Қырғызстан - 2,182 млрд теңге немесе 8%, Өзбекстан – 2,109 млрд теңге немесе 7,7%, АҚШ – 1,54 млрд теңге немесе 5,7%, ГФР – 973,8 млн теңге немесе 3,6%, Түркия – 658,5 млн теңге немесе 2,4%, Беларусь – 290,5 млн теңге немесе 1,1%, БАӘ – 286,2 млн теңге немесе 1,1%, Украина – 240 млн теңге немесе 0,9%, өзге елдер – 2,853 млрд теңге немесе 10,5% аударды.
2019 жылдың маусымында Қазақстанға шет елден ААЖ арқылы 27 215,8 млн теңгеге 129,6 мың транзакция жіберілді. ААЖ арқылы шетелден алынған ақша аударымдарының негізгі үлесі АҚШ долларымен (алынған аударымдардың жалпы санынан үлесі - 46,3%, алынған аударымдардың жалпы көлемнен үлесі – 61,6%) және Ресей рублімен (тиісінше 31,0% және 23,5%) жүргізілді.
Жыл басынан бері Кореядан 32151,4 миллион теңге түсті.
Салыстыру үшін, 2018 жылдың маусым айында Корея Республикасынан 5,504 млрд теңгеге 13,8 мың транзакция өткізілді. Аудармалардың жалпы сомасындағы кәріс ақшасының үлесі 15,14%-ды құрады. Ресей Федерациясынан ҚР-на 2018 жылдың маусым айында 20,562 млрд теңге немесе аударымдардың жалпы сомасының 56,55%-ы жіберілді. Қырғызстаннан - 2,599 млрд теңге немесе 7,15%, Өзбекстаннан - 1,822 млрд теңге немесе 5%, АҚШ – 1,107 млрд теңге немесе 3,04%, ГФР – 859 млн теңге немесе 2,36%, Тәжікстаннан – 459,1 млн теңге немесе 1,26%, Түркиядан – 628,4 млн теңге немесе 1,73%, БАӘ – 307,6 млн теңге немесе 0,85%, Беларусьтен – 237,4 млн теңге немесе 0,65%, өзге елдерден – 2,273 млрд теңге немесе 6,25% келді. Бұл ретте барлық ақшаның 52%-ы АҚШ долларымен, 37,3% – Ресей рублімен алынды. 2018 жылдың маусымында Қазақстанға 36,357 млрд теңге бағытталды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы келісім 2014 жылғы 29 қарашада күшіне енді. Кәдімгі төлқұжат немесе қайтару куәлігі бар және басқа елде жұмыс істеуге, оқуға немесе тұруға ниеті жоқ екі мемлекеттің азаматтары 30 күнге дейін визасыз кіре алады және кете алады. Рұқсат етілген елде болу мерзімі 180 күнтізбелік күннің әр кезеңінде 60 күнтізбелік күннен аспауы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024