Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық кәсіпкерлердің 117 млрд тенгесі кешіріледі

Қазақстандық кәсіпкерлердің 117 млрд тенгесі кешіріледі
Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Мемлекет шағын және орта бизнестің 117 млрд теңгесіне рақымшылық жасады. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Ведомство басшысы бұл шешім Президенттің 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау тапсырмасы аясында қабылданғанын түсіндірді. "Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық нормалар әзірленіп, заңнамаға енгізу жұмыстары жүргізілуде", – деп атап өтті ол. Смайыловтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қазанына шамамен 90 мың шағын және орта бизнес нысаны 294 млрд теңге қарыз. Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша қаржы министрлігі заңды тұлғалар үшін 20 мың АЕК-тен 50 мың АЕК-ке дейін жекелеген экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша гуманизация мәселелерін пысықтап жатыр.

Похожие материалы