Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Аталған кезеңдегі сауда қорытындылары бойынша котировкалардың бағасы өсті. Халық банкінің акциялары 6,87%, ал ЦентрКредит банкінің акциялары 1,45%-ға қымбаттады.
Мұнан кейін бәсі жоғарлағандардың қатарында «ҚазТрансОйл» компаниясының құнды қағаздары тұр. Олар 3,84%-ға қымбаттап, 1300,02 теңгеге жетті. Сондай-ақ «Қазақтелеком» бағалы қағаздары да «салмақ» қосты (+1,59%).
Ал, қалған котировкалар аптаны минуспен аяқтады. Атап айтқанда мұндай өзгеріс Kcell (-1,21%), KEGOC (-0,76%) және KAZ Minerals (-0,18%) акцияларында байқалды.
Жалпы алғанда KASE индексі апта қорытындысы бойынша 1,65%-ға өсіп, 2231,61 пункті құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024