Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Педагогтардың мәртебесін арттыру туралы» заң жобасының таныстырылымында мәжілісте мұғалімдердің еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шығу мүмкіндігіне түсініктеме берді.
«Мұғалімдер еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шыққысы келеді. Оларға заң жобасын дайындау барысында зейнетақы өте аз болатындығы айтылды», - деді депутат Ирина Смирнова.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, зейнетақы жүйесі тиісті жинақтармен мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік береді.
«Егер зейнетке шығу мүмкіндігін беру туралы айтатын болсақ, шартты түрде, біреу 20 жылдан кейін, біреу 35 жылдан кейін шығады. Бүгінгі таңда заңда бұл норма қарастырылмаған», - деді Аймағамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаттарының қарауына «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын енгізген болатын. Құжат педагогтар үшін ынталандырулар жасауды, мұғалімдерге жүктемені қысқартуды және оларды күтпеген тексерулерден және тән емес функциялардан қорғауды көздейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024