Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық мұнай 25%-ға қымбаттады

Қазақстандық мұнай 25%-ға қымбаттады
Алматы. 9 қазан. 7kun.kz - 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мұнайы 2,5%-ға қымбаттап, тоннасына 61,3 мың теңге болды. Ал тамызда құны тоннасына 59,8 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері мұнай бағасы 25,1%-ға өсті. Статистикалық мәліметтеріне сәйкес, қыркүйек айында ең қымбат мұнай Қызылорда облысында болды. Осы өңірден алынған шикізаттың тоннасы 86,3 мың теңгеге бағаланды (жыл басынан 25,6%-ға өсті). Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы 37%–ға (тоннасына 70,7 мың теңгеге дейін), Маңғыстау – 42,7%-ға (тоннасына 61,4 мың теңгеге дейін), ал Атырау – 17,5%-ға (тоннасына 56,5 мың теңгеге дейін) қымбаттады. Өткен айда бензиннің тоннасы 144,3 мың теңгеге жуық болды, жыл басынан 0,5%-ға қымбаттаған. Қорытындылай келе дизель отыны тоғыз айда 21,8%–ға, 161,5 мың теңгеге дейін, ал отындық мазут 12,8%-ға, 51,6 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Похожие материалы