Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары – Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвилидің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің сайтында хабарланды.

Қазақстандық мұнайшы Грузияның мұнай-газ және энергетика салаларындағы мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.

Сонымен қатар Марабаев Грузия үкіметіне осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту мәселелерінде кеңес береді.

«Жақып Марабаевтың докторлық дәрежесі бар. Экономика ғылымдарының кандидаты, тау-кен ісі бойынша магистр, техникалық лауазымдарда практикалық жұмыс тәжірибесі мол. Ол Қазақстан Республикасындағы аса маңызды энергетикалық жобаларға кеңес беріп, жетекшілік етті. Ол Қазақстанда да, шетелде де ірі әлемдік энергетикалық компаниялардың жоғары басшылығымен тығыз жұмыс істеді және елдегі бірлескен кәсіпорындардың дамуындағы басты қозғаушы күш болды», – деп атап өтті Грузия экономика министрлігі.

Жақып Марабаев 40 жыл бойы Қазақстанның және Еуразия аймағының мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Осы жылдары «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ бас директоры, «ҚазақОйл» ҰК ЖАҚ вице-президенті, «ҚазТрансОйл» АҚ вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, North Caspian Operating Company басқарушы директорының орынбасары болды.

2019-2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Похожие материалы