Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – Шымкентте полиэтилен ойыншықтар өндірісі іске қосылды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жоба «Оңтүстік» индустриялық аймағында жүзеге асырылды.
«Зауыттың қуаттылығы жылына 150 мың дана бұйымды құрайды. Өндірісті іске қосуға 60 млн теңге жұмсалды», - деп қосты ведомствода.
Қазіргі уақытта кәсіпорын Қазақстан аумағында айына 10 мың дана ойыншықты сатады.
«Жоба 100% аяқталды. Ойыншықтың құнын төмендету және сапасын жақсарту жолымен ішкі нарықты біртіндеп игеру жүріп жатыр. Сондай - ақ, Қырғызстан және Әзірбайжан кәсіпкерлерімен келісім-шартқа қол қою үшін келіссөздер жүргізілді», - деп түйіндеді әкімдік.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024