Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Orda Glass Ltd шыны зауыты өнімдерінің 60%-ы сыртқы нарыққа экспортталады.
Дайын өнімнің 40%-ы Қытайға, 20%-ы ТМД елдеріне жеткізілмек, қалған 40%-ы ішкі нарықты қамтамасыз етеді.
Аталған жобаның инвесторы King Charm Development limited (ҚХР), оның өндірістік үлесі 69,71%, 10%-ы «Қазақстан инвестициялық қорына» және Stewart Engineers (АҚШ) 20,29%.үлеске ие.
Жобаның құны 36,7 млрд теңгеге бағалануда. Алдын ала болжам бойынша жылдық күші 197 мың тоннаны құрамақ.
Еске салсақ, Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы 2018 жылдың І жартыжылдығында аяқталу керек еді. Алайда сыбайлас жемқорлық ісіне байланысты құрылыс тоқтатылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024