Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар ЭКСПО қажеттілігіне 58,1 млн доллар бөлді

Қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар ЭКСПО қажеттілігіне 58,1 млн доллар бөлді

Энергетика министрлігі ЭКСПО-2017 көрмесінің қажеттілігі үшін демеушілік қаржы тарту мақсатында жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

"Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушы орындар 58,1 млн доллар бөлді. Жақын уақытта 10-ға жуық компаниядан 17,4 млн доллар көлемінде демеушілік қаржы тарту жоспарлануда", - деді ол сәрсенбі күнгі "Экспо-2017" көрмесінің дайындығына байланысты болған жиналыста.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені инвесторлар кеңесінде талқылауды тапсырды.

"Мамыр айында инвесторлар кеңесінің жиналысы болады. Біздегі мұнай-газ кешенінде және жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтіндерге айтылып, қатысударын талап ету керек", - деді Президент.

Похожие материалы