Астана. 24 мамыр. 7kun.kz Бұл туралы бүгін жұмыс берушілердің кадрлық сұраныстарын анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманың қорытындысы туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен брифингте Дәулет Арғындықов мәлімдеді.
Өз сөзінде ол 2015 жылы алғаш рет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып 3700 жұмыс берушілер арасында мамандықтар мен кәсіптеріне қарай кадрлар сұранысын анықтау мақсатында сауалнама өткізілгенін еске салды. Сауалнама нәтижесі бойынша 2016 жылы жұмыскерлерге деген сұраныс 134 мың адамды құрады. Негізгі сұраныс сауда, қаржылық және сақтандыру қызметтері, жылжымайтын мүлік сынды қызмет көрсету салаларына тиесілі. Экономиканың нақты секторында жалпы кадр қажеттілігі 49 мың адамға бағаланып отыр, сонымен бірге, оның жартысына жуығы ауылшаруашылық секторына қажет екені белгілі болды. Өнеркәсіп саласында кадрларға сұраныстың негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның басым көпшілігі киім, аяқ киім, сондай-ақ, ағаштан жасалатын заттар өндірісінде қажет болып отыр. Жалпы алғанда, аталған сала өнеркәсіптері өз қызметкерлер штатын 10%-дан астам көрсеткішке ұлғайтуға мүмкіндіктері бар. «Егер соңғы жылдары еңбек ресурстарына сұраныс мемлекеттік сектор тарапынан болса, биылғы жылы сұраныстың 80%-ы жеке сектордың үлесінде», - деді Дәулет Арғындықов. Аймақтар арасында кадрлар сұранысының басым көпшілігі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге, Астана, Алматы (жалпы сұраныстың 60%-ы) байқалады. Сонымен, аталған облыстардағы жалпы сұраныс 60,8 мың қызметкерді құраса, Астана мен Алматы қалаларында – 20,9 мың адам болып отыр. Салалардағы негізгі сұраныс 5 салаға тиесілі: - сұраныстың үштен бір бөлігіне жуығы (42 мың адам) сауда, қаржы, жылжымайтын мүлікпен айналысатын өндірістерден; - сұраныстың 17% (23 мың адам) ауылшаруашылық кәсіпорындарынан; - сұраныстың 12%-ы (16,3 мың адам) білім беру саласы ұйымдарынан; - 10% - ы (13,6 мың адам) – құрылыс компанияларынан келсе, - өндірістік кәсіпорындарға 12,2 мың қызметкерлер қажет, бұл сұраныстың 9%-ын құрап отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024