Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Теңге-доллар валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 1 айда 12,7%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылғы шілдеде теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 341,62-347,06 теңге ауқымында өзгерді.
2018 жылғы шілденің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы 1 айда 1,6%-ға әлсіреп (жыл басынан бастап әлсіреу 4,3%), бір АҚШ доллары үшін 346,7 теңге болды. Теңге-доллар валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі 1 айда 14,7 млрд АҚШ доллары (бір айда 12,7%-ға төмендеу), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,9 млрд АҚШ доллары (4,8%-ға төмендеу), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 11,9 млрд АҚШ доллары (14,4%-ға төмендеу) болды.
Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі өткен аймен салыстырғанда 5,3%-ға төмендеп, 8,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 72,0%-ды құрады (2018 жылғы маусымда 65,1%).
«Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетелдік валютаға сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді», - деді Ұлттық банктен.
Сонымен қатар, Ұлттық бантен хабарлағандай, 2018 жылғы шілдеде халық нетто-негізде 237,5 млрд. теңге сомаға барабар қолма-қол шетел валютасын сатып алды.
Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 68,9% немесе 163,6 млрд теңге, Ресей рублін – 21,9% немесе 51,9 млрд теңге, еуро – 8,8% немесе 20,8 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 49,1%-ға ұлғайды (АҚШ долларын және еуро сатып алуға шығыстар 2,0 есеге және 1,0% -ға артты, тиісінше Ресей рублін сатып алуға шығыстар 10,1%-ға азайды).
«Жаз айларында айырбастау пункттерінің АҚШ долларын сату көлемінің өсуі демалыс кезеңдерінде шығыстарды төлеу, шетелге ақша аударымдарына, оның ішінде еңбек мигранттары аударымдарының қажеттілігіне байланысты халықтың қолма-қол шетел валютасына сұранысының жоғары болуына байланысты маусымдық фактормен түсіндіріледі. Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының жалпы көлемі жыл басынан бері өткен жылғы 1,1 трлн. теңге деңгейінде қалыптасты», - деп түсіндіреді Қазақстанның бас банкі.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024