Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан 102,1 млн долларға 27,8 мың тонна шай сатып алды.
2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда ақшалай және заттай көріністе жеткізу 8,6%-ға қысқарған.
Кениядан тауарлардың ең үлкен көлемі сатып алынған. Бұл ел Қазақстанға 45,9 миллион долларға 12,9 мың тонна шай берді. Үндістан 30,2 миллион долларға 9,5 мың тонна өнім жеткізді.
Ресейден 3,2 мың тонна ($19,2 млн), Шри-Ланкадан – 700 тонна($2,8 млн), Қытайдан – 600 тонна ($1,3 млн), БАӘ-нен - 100 тонна ($801,8 мың) шай импортталды.
Өнімнің 200 тоннасы Пәкістаннан ($657,1 мың), Азербайджан ($244,4 мың) мен Қырғызстаннан – 100 тоннадан астамы ($114,1 мың) әкелінген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024