Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қазанында республикалық бюджетке салық түсімдері 6,4 трлн теңгені құрады.
2017 жылғы 10 айдың көрсеткішімен салыстырғанда (5,4 трлн теңге) төленген салық көлемі 17,1%-ға өсті.
Алматы көрсетілген кезеңде 1,5 трлн теңге, Атырау облысы – 1 трлн теңгеден астам, ал Астана – 848,4 млрд теңге төледі.
Маңғыстау облысы бюджетті 327,5 млрд теңгеге, Қарағанды облысы - 321,1 млрд теңгеге, Алматы облысы - 309,4 млрд теңгеге, Ақтөбе облысы – 291,7 млрд теңгеге, ШҚО - 243,9 млрд теңгеге, БҚО - 241,5 млрд теңгеге, ал Павлодар облысы - 216,2 млрд теңгеге толықтырды.
Түркістан облысы 9 айда 211,6 млрд теңге, Қостанай облысы - 127,7 млрд теңге, Ақмола облысы - 123,2 млрд теңге, Қызылорда облысы - 105,1 млрд теңге, Жамбыл облысы - 66,8 млрд теңге, СҚО - 62,2 млрд теңге, ал Шымкент қаласы (2018 жылдың қыркүйек және қазан айларында) - 26,2 млрд теңге төледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024