Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Салықтық амнистия бойынша қазақстандықтар сегіз миллиард теңгеге жуық салық қарызын төледі. 2019 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша 334 127 жеке тұлғаның несие бойынша өсімпұл есептен шығарылды, олар осы жылдың басынан бастап 7,9 млрд теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасын төленген және 1,64 млрд теңге сомасында айыппұл есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, 3 қазан мен 10 қазан аралығында 21 275 жеке тұлғаға 74,8 млн теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды. Салық қарызын төлеген жеке тұлғалардың ең көп саны - 65 042 - Алматыда. Одан кейінгі орында Ақтөбе облысының тұрғындары - 34 684 адам. Сондай-ақ, Қостанай облысында 28 975 адам салық қарызын төледі.
Сонымен қатар, төленген сомалар бойынша да Алматы көш бастап тұр - қазіргі таңда негізгі борыштың өтелген сомасы 4,44 млрд теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматыдағы қарыз 5,5 миллиард теңге болған.
Жиналған салық сомасы бойынша апталық рейтингтің бірінші сатысына Алматы тұрғыны орналасты. Осылайша, көлік салығы бойынша 1,86 млн теңге көлеміндегі негізгі қарызды өтей отырып, оған негізгі борышынан 1,5 есе артық (2,74 млн теңге) өсімпұл есептен шығарылды.
Бқдан басқа, Нұр-Сұлтан тұрғындары 483,9 млн теңге салық төледі. Қостанай облысында 459,8 млн теңге көлеміндегі қарыз өтелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024