Қазақстандықтар айырбастау пунктерінен 189,7 млрд теңгеге доллар сатып алды
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның айырбастау пункттерінің "таза" сату көлемі (валютаны сату минус сатып алу) 2019 жылғы мамырда 189,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен айдағыдан 2,7 есе артық және 2018 жылғы мамырмен салыстырғанда 5,8 есе көп. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
АҚШ долларының ресми бағамы мамыр айында бір USD үшін 380 теңгені құрады — сәуір айына қарағанда 0,1%-ға ғана жоғары, бірақ өткен жылдың мамыр айына қарағанда 15,8%-ға көп.
Жалпы 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында айырбастау пункттерінің АҚШ долларын нетто-сату көлемі 555,3 млрд теңгені құрады,бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,9% - ға артық.
2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚР–да нетто-сатудың оң көлемі барлық өңірлерінде тіркелген (өткен жылы минуста тек Нұр-Сұлтан болған).
Алматы нетто-сату көлемі бойынша көш бастап тұр: 216,8 млрд теңге – 2018 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 56,8%-ға артық. Екінші орында Шымкент - 78,2 млрд теңге. Көшбасшылардың үштігін Атырау облысы жабады: 44,1 млрд теңге, бір жыл ішінде 78,6%-ға өсті.
Өткен жылмен салыстырғанда Павлодар мен Жамбылдан басқа Қазақстанның барлық өңірлерінде АҚШ долларының таза сатылымының өсуі байқалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024