Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың I тоқсанында отандық автокөліктер 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық сатылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоПром».
Деректерге сәйкес, есептік кезеңде 13 289 автокөлік құрастырылды, бұл бір жыл бұрынғы нәтижеден 17,8%-ға жоғары.
Кәсіподақ төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, көрсетілген кезеңдегі нарық көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 40%-ға асып түсті.
«Наурыз жылдың алғашқы екі айына қарағанда жақсы нәтиже алып келді. Нарықтық өсу қарқынының жылдамдығының арқасында І тоқсанда дилерлердің жиынтық сатылымдары осы сегментте соңғы үш жылдағы үздік нәтижені көрсетті: қазақстандықтар 120,8 млрд теңге сомасына 13,3 мың жаңа автокөлік сатып алды. Ақша түріндегі нарық көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 38,7%-ға асып түсті.Үш айдың қорытындысы бойынша олардың үлесіне жалпы сатудың 54,2%-ы келді. Бұл отандық автоөндіріс тарихындағы ең жоғары тоқсандық көрсеткіш», - деді Алферов.
Сондай-ақ, 2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша өндірілген бірлік саны (4 696 бірлік) өткен жылғы мәннен 14,9%-ға артық.
«Айдың қорытындысы бойынша құны жағынан нарық көлемі 42,4 млрд теңгеге жетті ($112,2 млн), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 39% артық. 7,2 мыңға жуық сатып алушы (54,2%) қазақстандық автозауыт өнімдер таңдады, 6 мың машина (45,8%) импортталды», - деп хабарлады кәсіподақта.
Бұл ретте қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие Lada (3,4 мың автокөлік), Toyota (2,9 мың бірлік), Hyundai (2,3 мың бірлік), KIA (864 бірлік) және Renault (517 бірлік) болды.
Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында Алматы (3,7 мың бірлік), Нұр-Сұлтан (2,5 мың бірлік), Атырау (963 бірлік), Шымкент (833 бірлік), Қостанай (821 бірлік) тұрғындары көліктердің басым бөлігін сатып алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024