Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-ақпанында байланыс кәсіпорындары 124,8 млрд теңге табыс тапты.
Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ке артық. Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 6,2 млрд теңге (6,1%-ке кем), интернетке қолжетімділікті ұсыну – 44,7 млрд теңге (12%-ке артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 33,5 млрд теңге (8%-ке артық) болды.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кең жолақты Интернетке (35,8%) және ұтқыр байланысқа (27%) тиесілі. Ал өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,7%-ін, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ін, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,9%-ті құрады.
2019 жылдың ақпан айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн-нан астам, ұялы байланыс абоненттерінің саны 26 млн-ға жуық, Интернетке қол жеткізе алатын ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,4 млн-ға жуық, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-ға жуық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024