Нұр-Сұлтан. 18 тамыз. 7kun.kz – Шілдеде екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 97,4 келі 2712 алтын құйма сатылды. Бұл туралы Ұлттық банктың баспасөз қызметі хабрлады.
Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама жүзеге асқалы жалпы салмағы 3,36 тоннаға жуық 99 451 алтын құйма сатылған.
«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 25 589 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие, 21 484 дана (22%) сатылған, 5 грамдық құймадан 20 735 дана (21%), 100 грамдық құймадан 19 708 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 935 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады», – делінген ҰБ хабарламасында.
Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024