Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — Мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жыл басынан бері 18,8 мың жеңіл көлік сатылды. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 15,6 мың автокөлікті құрады. Оның ішінде 10,4 мың машина — отандық өндіріс, деп хабарлайды Ranking.kz.
Тек сәуір айында сатылым 52,5 млрд теңге сомасына 5,5 мыңнан астам көлікке тең болды.
Жалпы төрт айда автокөлік құралдарын сату 19,5 мыңға жуық машинаны, автобустарды және өзге де көлік құралдарын құрады.
Оның 55,5%-ы - қазақстандық өндірушілердің техникасы. Осылайша, 6,5 мың машинаны "АзияАвто" АҚ, 3,9 мың автоны — "СарыарқаАвтопром" ЖШС, 202 көлік құралдарын — "СемАЗ" ЖШС, 153 көлікті — "КАМАЗ-Инжиниринг" АҚ, 78 техниканы — "Hyundai Trans Auto" ЖШС, 35 "темір тұлпарды" — "DaewooBusKazakhstan" ЖШС өндірді.