Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы тамызға жеке тұлғалардың салымдарының көлемі 8,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 2,5%-ға артық. Корпоративтік салымдар 5,8%-ға азайды. Нәтижесінде салымдардың жалпы көлемі 1,3%-ға қысқарды, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Бөлшек салымдардың үлесі бір жыл ішінде 54,2%-дан 56,3%-ға дейін өсті. 2016 жылдың аяғынан бастап бөлшек салымдар корпоративтік салымдардан басым болды.
Жеке тұлғалардың салым портфеліне ұлттық валютадағы салымдардың жартысынан астамы келеді: 4,7 трлн теңге, жыл ішінде өсім 6,3%-ды құрады.
Шетел валютасындағы бөлшек салымдардың көлемі үшінші жыл қатарынан қысқарып, 2019 жылдың шілде айының соңына қарай 3,8 трлн теңгені құрады. Шетел валютасындағы салымдардың үлес салмағы бір жыл ішінде 46,7%-дан 44,8%-ға дейін қысқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бойынша шекті мөлшерлемені 2%-ға дейін көтерді. Шетел валютасындағы бөлшек салымдар маусым айында бірден 7,4%-ға, 3,9 трлн теңгеге дейін өсті; алайда шілде айында олар 1%-ға қысқарды. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында орташа көлемі ай сайын 2,5%-ға қысқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024