Қазақстан. 3 мамыр. 7kun.kz – Сарапшылардың мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 140,3 мың жұп некеге тұрған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,9% - ға артық, деп хабарлайды 7kun.kz.
ranking.kz зерттеуінше, қалаларда бір жылда некеге тұрғандар саны бірден 12%-ға өсіп, 99,4 мыңға жеткен, ал ауылдарда 1,9%-ға ғана өсіп, 40,8 мыңды құраған.
Өңірлік бөліністе некенің көп бөлігі Алматыда тіркелген – 18,8 мың адам.
«Үздік үштікке халқы тығыз орналасқан Алматы (14 мың, плюс жылына 7,9%) және Түркістан (13,9 мың, плюс 3,2%) облыстары кірді. Некелердің ең төмен көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген: небәрі 3,5 мың, бірақ 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай 19,9%-ға көп», –делінген зерттеуде.
Сарапшылар 2021 жылы некеге тұрудың ең жоғары көрсеткіші шілде айында тіркелгенін анықтады. Онда 14,1 мың неке тіркелген.
Сондай-ақ, танымал айлардың арасында тамыз және наурыз айлары болды. Ал ең төмен неке қию көрсеткіші – қаңтар, ақпан және мамырда тіркелді.
Айта кетейік, динамика жылдан жылға өзгеріп келеді. Мысалы, 2020 жылы ең көп неке қию айларының үштігінде қыркүйек, қазан және шілде айлары кірген еді.
Ұлттық статистика бюросы сәуірде қазақстандықтардың неке қию көрсеткіші артқанын хабарлаған болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024