Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс сомасы өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өскен.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былай деп пікір білдірді:

«Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болуы үшін Kaspi.kz-тегі Магазинді дамытудамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті ұлғайтып, жаңа серіктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен жоғары немесе 116% өсті. Сәуірдің екінші жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл карантин мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ, біз сәуірде онлайн сатып алуды бұдан да тиімді жасап, сүйікті клиенттерімізге Kaspi Gold пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық».

«Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғары болған кезде жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алу көптеген қазақстандық отбасы үшін қолайлы әрі қажетті болып қана қоймай, біздің серіктестерімізге сатылымдар мен жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті.  Біздің командамыз президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімдіктердің жедел штабтарымен, серіктестермен және курьерлік қызметтермен бірлесіп, жеткізу қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ қауіпсіз онлайн зат сатып алуға мүмкіндік беру үшін бар күш-жігерін салды. Біздің командамыздың және сүйікті клиенттеріміздің атынан бүкіл еліміз бойынша және әр қаладағы жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алуды ұйымдастыруға көмектескен әр адамға рақмет айтамын»,- деді Михаил Ломтадзе.

Өткен жылдағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 2020 жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі аралығындағы Kaspi.kz-тегі Магазиннің негізгі нәтижелері:

Сату

  • Биылғы жылдың алғашқы 4 айында тапсырыс сомасы 103% өсіп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 34 миллиард теңгемен салыстырғанда рекордтық 69 миллиард теңге болды
  • Тапсырыс саны 2 есеге, 417 000 тапсырыстан 900 000 тапсырысқа өсті. Өсім 116%
  • Барлық тапсырыс бойынша Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы рәсімдеу көлемі ұлғайып, өткен жылғы 83% салыстырғанда 94% жетті. Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы сатып алуды таңдайтын қазақстандықтар көбейіп келеді. 

Тауар түрлері

  • Сәуір айында Kaspi.kz-тегі Магазинде ұсынылған тауар саны өткен жылғы сәуірдегі 130 000-нан ұлғайып, 220 000 мыңға жетті.  
  • Жаңа сұранысқа ие санаттар пайда болды  - киім, аяқ киім, жаттығу жабдықтары, спорт тағамдары, декоративті косметика, жөндеуге арналған құралдар, құрылыс жабдықтары мен жануарларға арналған тауарлар және басқа да көптеген заттар
  • Тапсырыс көлемі бойынша ТОП 10-қа үй мен саяжай заттары (+464%); спорт пен туризм (+406%); құрылыс пен жөндеу (+394%); бос уақытта өткізу мен кітаптар (+379%); әшекелер мен аксессуарлар (+231%); сән мен денсаулық (+176%); ТВ, аудио, видео (+172%); компьютерлер (+166%); жиһаз (+141%); балалар тауарлары (+129%) сынды санаттар кірді
  • Карантин мен төтенше жағдай кезінде 2020 жылдың сәуірінде 2020 жылдың наурыз айымен салыстырғанда шаш кесу құралдары (+716%), газоншапқыш (+477%), еден таразылары(+363%), секіргіш жіп пен гантельдер (+351%), ас үй таразысы мен пісіруге арналған формалар (+277%) сатылым жағынан ерекше өсім көрсетті.

Серіктестер

  • Kaspi.kz-тегі Магазин арқылы тауар сататын компаниялардың 80% шағын және орта бизнес нысандары
  • Kaspi.kz түрлі тауар өндіруші қазақстандық компаниялармен белсенді жұмыс істейді. Өткен жылдың сәуірінен бері электрондық коммерцияның үздік платформасына  ADILI (аксессуарлар), Астау (ыдыс-аяқ), Balausa jewelry (әшекей бұйымдары), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (сән бұйымдары мен әшекейлер), GLASMAN  (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (сувенирлік заттар), Казахювелир (әшекей заттары), KresloComfort  (жиһаз), MIMIORIKI (балалар тауарлары), OTAN (сағат), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ киім) және басқа да қазақстандық танымал брендтер мен компаниялар қосылды.
  • Өткен жылдың сәуірінен бері Kaspi.kz-те adidas, BOSCH, CASIO, Columbia, DECATHLON, DeFacto, MANSOON, Marks & Spencer, Milavitsa, Nike, Reebok және басқа да танымал халықаралық брендтер сатыла бастады.

Жеткізу

  • Жыл басынан бері, алғашқы 4 айда өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда жеткізілген тапсырыс көлемі 3 еседен асты. Kaspi.kz жеткізу қызметі аясында Қазпошта, DHL, DPD, Gallop, Pony Express мен Zammler сынды жетекші курьерлік алты компаниямен серіктес.
  • Сәуірдің екінші жартысында Kaspi.kz тегін жеткізе бастады және өз есебінен бүкіл ел аумағына 240 000 тапсырыс орындады. 2020 жылдың сәуір айында компания күн сайын  2019 жылдың қараша айындағы Kaspi Жұма тиімді сатып алу мерекесінің барлық уақытынан да көп тапсырысты орындады.
  • Kaspi.kz жоспарлы түрде қалалар санын ұлғайтуда және 2019 жылдың сәуіріндегі 34 қаламен салыстырғанда 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның 54 қаласына зат жеткізді. Енді  Ақсу, Алтай, Арал, Арыс, Байқоңыр, Бейнеу, Жаркент, Зайсан, Каратау, Кентау, Қордай, Лисаковск, Риддер, Саран, Степногороск, Текелі, Шардара мен Шу қалаларының тұрғындары сатып алумен бірге жеткізу қызметін пайдалана алады. 
  • Тапсырыс көлемі бойынша Түркістан (+436%), Жетісай (+399%), Балқаш (+362%), Қапшағай (+358%) және Ақсай (+354%) қалалары ең жоғары өсім көрсетті
  • Жеткізу қызметі бойынша ең жоғары үлес Алматы (34%), Нұр-Сұлтан (14%), Шымкент (6%), Қарағанды (6%) және Ақтобе (4%) қалаларында. Бұл ТОП 5 қаланың үлесі барлық жеткізілген тапсырыстардың 64% құрайды.

Похожие материалы