Қазақстандықтар кедейленіп барады: Елде миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүруде
Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. 2022 жылдың ІІІ тоқсанда табысы аз үй шаруашылықтарының қатары былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5% өсіп, 180,9 мыңға жеткен, деп хабарлайды finprom.kz.
Оларда миллион аса адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% көп.
Салыстыру үшін: бір жыл бұрын осы кезеңде елде осындай төмен табысы бар 173,2 мың үй шаруашылығы (бір жылда 7,5% азайған) болған. Биылғы көрсеткіш былтырғы көрсеткіштен жоғары, бірақ 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде ең жоғары көрсеткішке жеткен кездегіден төмен (187,2 мың үй шаруашылығы).
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, еліміздегі 3,6 мың үй шаруашылығының (бір жылда 62,7% азайған) табысы азық-түлік себеті құнынан төмен болды. Бұл үй шаруашылықтарында 24,8 мың адам тұрды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе аз.
Өңірлер бойынша алсақ, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтіндердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады: 25,4 мың. Сондай-ақ кедейлік шегінен төмен тұратын халық саны да осы өңірде жоғары: 191,1 мың адам.
Түркістан облысынан кейін ең нашар көрсеткіш Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Ақмола облыстарына тиесілі.
Табысы аз үй шаруашылықтары ең аз өңірлер: Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында жан басына шаққандағы орташа күнкөрістің төменгі деңгейі 46,7 мың теңгені құраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024