Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 11 айында қазақстандықтар жаңа автокөліктер сатып алуға 493,3 млрд теңге жұмсады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға көп, - деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.
Қазақстанда қаңтар-желтоқсанда 55 162 автокөлік сатылды. Ал, өткен жылдың қаңтар-қарашасында сатылған автокөлік саны - 44 047.
Бір автокөліктің орташа бағасы 8,7 млн теңгені (+ 7,4%) құрады. Жаңа шетелдік автокөліктердің орташа құны 22,2% -ға артып, 12,1 млн теңгені құрады. Елімізде құрастырылған автокөліктер 12,8%-ға ғана қымбаттаған, олардың құны орташа есеппен 5,3 млн теңге болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024