Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға 9,5 млрд теңге берді

Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға 9,5 млрд теңге берді

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады. Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі", - делінген хабарламада.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Айта кетейік, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Ұлттық банк пен Қор арасында қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Похожие материалы