Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар несиені көп ала бастады

Қазақстандықтар несиені көп ала бастады

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы мамырдың соңында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 760,1 млрд теңгені құрады. Өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға өсті.

Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 100,8 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға, жеке тұлғаларға – 5 659,3 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 11,7%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 10 330,0 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 2,4%-ға өсті. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 430,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%ға, жеке тұлғаларға-4,6%-ға төмендеді. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы мамырдың соңында 81,0%-ды құрады (2019 жылғы сәуірде – 80,4%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 10 902,8 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 857,3 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 228,2 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%-ы).

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,9%), сауда (13,3%), құрылыс (5,6%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 11,9%-ды (2019 жылғы сәуірде – 12,0%), жеке тұлғаларға – 18,1%-ды (18,5%) құрады.

Похожие материалы