Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – 2019 жылы Статистика комитетінің жүргізген зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 60%-ы өз өміріне қанағаттанған.
Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 56,5%-ға тең болды.
Ерлер әйелдерге қарағанда өзінің өміріне көбірек қанағаттанады сәйкесінше 61,8% және 58,5%.
Жас санаттары бойынша 15-17 жас аралығындағы (68,2%) және 18-28 жас аралығындағы (65,8%) өз өміріне қанағаттанады.
Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 48,5%-ы өз денсаулықтарына қанағаттанған, қалалықтардың 44,9%-ы, ал ауылдық жердегілердің 55%-ы.
Сауалнамаға қатысқандардың 44,3%-ы бос уақытының болуына риза, 50,9%-ы жартылай қанағаттанған, 3,7%-ы қанағаттанбаған және 1,1%-ы жауап беруге қиналды.
Материалдық жеткіліктілік деңгейі бойынша респонденттердің 68,8%-ы өздерін қамтамасыз етудің орташа деңгейіне жатқызды, респонденттердің 0,4%-ы қамтамасыз етудің төмен деңгейін көрсетті және респонденттердің 0,3%-ы ғана өзін қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне жатқызды.
Соңғы жылы респонденттердің 59,7%-ының әл-ауқаты өзгермеген, ал 36,4%-ында жақсарған.
Респонденттердің 37,4%-ы өзінің перспективалы болашағы туралы оң ойлайды, болашақта 36,4%-ы жақсара түседі деп болжайды, ал респонденттердің тек 0,2%-ы ғана өмір сүру нашар болады деп атап өтті.
Ауылды жерде тұратын халық (69,3%) қалалы жерде тұратын халыққа (54,4%) қарағанда өзінің өмірімен көбірек қанағаттанған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024