Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсімі 4,4 трлн теңгені құрады.
2018 жылдың алты айымен салыстырғанда бюджетке түсімдер 14,8%-ға өсті.
Ең көп салық Алматыдан (1 трлн. Теңге) және Атырау облысынан (813,1 млрд теңге) келді. Ал, Нұр-Сұлтаннан мемлекеттік бюджетке 563,8 млрд теңге, Алматы облысынан – 228,4 млрд теңге, Маңғыстау облысынан – 206,5 млрд теңге, Қарағанды облысынан - 191,4 млрд теңге, Ақтөбе облысынан – 186,9 млрд теңге түсті.
БҚО 176 млрд теңге, ШҚО – 174,5 млрд теңге, Павлодар облысы – 137 млрд теңге, Түркістан облысы – 89,4 млрд теңге, Қостанай облысы – 85,7 млрд теңге салық төледі.
Сонымен қатар, қазынаға Шымкенттен 80,2 млрд теңге, Ақмола облысынан – 78,5 млрд теңге, Қызылорда облысынан – 76,4 млрд теңге, Жамбыл облысынан – 46,5 млрд теңге, ал СҚО-дан-42,1 млрд теңге түсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024