Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар сауданы интернет арқылы көбірек жасай бастаған

Қазақстандықтар сауданы интернет арқылы көбірек жасай бастаған
Алматы. 11  қазан. 7kun.kz - Қазақстанда интернет-төлемдер көлемі 2018 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін 3,14 есе өсті. Бұл туралы CloudPayments Kazakhstan-ның коммерциялық директоры Асылхан Әмірқұлов хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылдың сегіз айында электрондық төлемдердің үлесі 14,4%-ға дейін артты. 2017 жылдың соңында бұл көрсеткіш 11,2% құрады (2017 жылдың басында 4,5%). "Төлемдердің өсуі жалғасатын болса, жыл соңына қарай интернет-транзакция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайды", - деді Әмірқұлов. "Егер 2017 жылы тамызда қазақстандық бірден 12 мың теңге жұмсаса, биыл төлем 18 мың теңгеге дейін өсті. Мүмкін, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 20 мыңнан асады. Адамдардың интернет сервистеріне сенімі артқан. Сондай-ақ колма-қол ақшасыз есеп айырысу саны артқан, жыл басынан бері 2,24 есе өскен", - деді коммерциялық директор.

Похожие материалы