Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында халықаралық аударымдар жүйесі арқылы шетелден алынған ақша сомаларының көлемі 83,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық, деп мәлімдеді Ranking.kz.
Бұл ретте транзакциялар саны 24,1%-ға, 371,9 мыңға дейін өсті. Бір аударманың орташа чегі 198,8 мың теңгеден 224,3 мың теңгеге дейін артты.
Ал 2018 жылы ҚР-дағы аударымдар көлемі 362 млрд теңгені (+18,2%) құрады, транзакциялар саны 10%-ға, 1,5 млн-ға дейін өсті. Бір аударманың орташа чегі 7,5%-ға, 238,8 мың теңгеге дейін артты.
Ағымдағы жылдың І тоқсанында аударымдар алынған елдер арасында Ресей Федерациясы көш бастап келеді: 36 млрд тг – 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына қарағанда 36,3%-ға артық. Транзакциялар саны 23,8%-ға, 186,7 мың теңгеге дейін, бір аударманың орташа чегі 175,4 мыңнан 193 мың теңгеге дейін өсті. Ресейден ақша аударымдарының үлесі жалпы көлемнің 43,2%-ын құрайды.
Екінші орында - Корея Республикасы, көлемі 15 млрд теңге (+72,7%) және 39,3 мың транзакция (+58,5%) санымен. Кореядан бір аударманың орташа чегі 351,3 мыңнан 382,9 мың теңгеге дейін өсті. Кореяның үлесі шетелден алынған ақшаның жалпы көлемінің 18%-ын құрайды.
Сондай-ақ, ҚР-ға жіберілген қаражат көлемі ең көп елдер арасында Өзбекстан (аударым көлемінің 8,5%), Қырғызстан (7,8%), АҚШ (4,4%), Германия (3,3%), Түркия (2,1%), Тәжікстан (1,3%) және БАӘ (1,1%) бар.
ҚР-да шет елден алынған ақша сомаларының көлемі бойынша ақша аударымдарының жүйесі арасында «Золотая Корона» көш бастап келеді: 40,7 млрд теңге (+47,5%), бір аударымның орташа чегі 252,1 мың теңге болды.
Western Union екінші сатыда: 17,7 млрд теңге, бір аударманың орташа чегі — 188,4 мың теңге. Көшбасшылардың үштігін MoneyGram қорытындылайды: 10,3 млрд теңге, орташа чек - 286,9 мың теңге.