
Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының тұрғындары 2019 жылдың шілдесінде 22 күн жұмыс істейді, ал 9 күн демалады.
6 шілде елорда күні – биыл сенбіге келеді, сондықтан демалыс 8 шілде, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн – 6, 7 және 8 шілдеде демалады.
Астана күнін Қазақстандықтар 1998 жылдан бастап атап өтеді, бұрын бұл мейрам 10 маусым болатын. 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды. Бұл күні Парламенттің елорданы Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім қабылдағаны ғана емес, Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні де атап өтіледі.
1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанның астанасын Алматыдан Нұр-Султанға ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданды. 1997 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы түпкілікті шешім қабылдады. 1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.