Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың бес айында Suńqar мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі арқылы жүргізілген операциялардың көлемі 270 млн теңгені құрайды.
Ұлттық банкте жүйе кредиттерді өтеу, депозиттерді және аударымдарды ұялы телефон нөмірі бойынша үшінші тұлғаларға толықтыру үшін пайдаланылатынын хабарлады. Айта кетейік, бұл құрал биылғы жылдың 7 ақпанында іске қосылған болатын.
«Бірінші айда 45 млн теңгеге операциялар жасалды, екінші айда көлемі екі есеге артып, 81 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта 270 млн теңгеге төлемдер жүргізілді. Орташа сома шамамен 150 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, болашақта жұмыстың ауқымы мен нәтижесі қатысушы банктердің санына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда олардың саны үшеу», - деп түсіндірді қадағалаушы орган.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк жүйе операторы – «Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» тарапынан фининституттар үшін төмен тариф белгіленді. Бұл ретте соңғы пайдаланушылар үшін банктер оны дербес анықтайды.
«Қазіргі уақытта қаржы реттеушісі жүйенің қолданыстағы және әлеуетті қатысушыларымен бірге заңды тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, бұл жағдайда QR кодын пайдалану жоспарланып отыр: алушы оны сканерлеп, қажет болған жағдайда соманы енгізіп, төлемді растау қажет», , - деп түйіндеді қадағалау ведомствосы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024