Қазақстандықтар тамыз айында медициналық сақтандыру қорына қанша ақша берді
Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 тамызына дейінгі кезеңде түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 205,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Оның ішінде 196,2 млрд теңге (95,6%-ға жуық) жұмыс берушілердің аударымдарына, 8,9 млрд теңге (4,4%-ға жуық) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасына келеді.
Өңірлер бөлінісінде ең көп сома бұрынғысынша Алматы және Нұр-Cұлтан қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түседі.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберілетін болады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024