Нарықтағы кредит карталарына деген сұраныс өсе түсіп жатыр. 2016 жылдың ақпанында пайдаланылған карталар саны 3,5 есе өсті деп жазады ranking.kz порталы.
2016 жылы ҚР төлем карталары нарығында 2015 жылы пайда болған екі тенденция жалғасты. Біріншісі - айналымдағы жалпы карталар санының қысқаруына байланысты белсенді карталар көлемінің көбеюі. 2015 жылдың ақпанында 16,5 млн төлем карталары болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2%-ға аз. Ал белсенді карталар саны 20%-ға немесе 8 млн-ға дейін артқан. Осы жылдың ақпанда айналымда жүрген карталардың 48%-ы ғана пайдаланылды, өткен жылдың ақпанында бұл көрсеткіш 39% еді. Екінші тенденция - дебетті карталарға қарағанда белсенді кредит карталарының көбеюі. Осы жылдың ақпанында пайдаланылған кредиттік карталар саны 38%-ға, дебетті карталар саны 11%-ға артты. Қаңтар айындағы өсім тиісінше 21% және 1% еді. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында кредитті жылдам алып, қысқа мерзімде өтеп бітіру қолжетімді болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024