Қазақстан. 4 шілде. 7kun.kz – Шекараның уақытша жабылуына байланысты Қазақстанның бірнеше ондаған азаматы Өзбекстаннан шыға алмай қалды. Бұл жағдайға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бұл жағдай Өзбекстандағы дипломаттарымыздың ерекше бақылауында. Қазір азаматтарымыздың Қазақстан аумағына кіруіне рұқсат беру мақсатында өзбек тарапымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Сыртқы істер министрлігінде.
Қазақстандықтар үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіліп, олармен тұрақты байланыс орнатылды.
Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-өзбек шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жұмысын тоқтататынын хабарлады. Өзбекстаннан Отанына кетуге тырысқан қазақстандықтар видео түсіріп, үшінші күн шекарада жүргендерін және үйлеріне орала алмай жатқандықтарын айтты. Олардың сөзніше, онда ұйықтайтын жер жоқ және ақша мен тамақтануға байланысты қиындықтар бар. Олар Қазақстан мен Өзбекстан консулдықтарына телефон соққан, бірақ ол жақтан көмек көрсетілмеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024